«Экологиялық өнертабыстар»
2026 жылғы 20 шілдеде «Искорка» мектеп жанындағы алаңында «Экологиялық өнертабыстар» тақырыбындағы күн өтті. Балалар қайта өңделетін қалдықтар ұғымымен танысып, табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін қайталады. Қайта өңдеуге болатын материалдардан пайдалы қолөнер бұйымдарын жасап, экологиялық ойындарға және еңбек десантына қатысты. Күн танымдық әрі қызықты өтіп, балалардың қоршаған ортаға ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.
