"Таза Қазақстан"

           

"Мариновка ауылының №1 ЖББМ"КММ  "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты.

   Акция аясында мектептің өзін-өзі басқару еріктілері Ұлы Отан соғысы ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Балалар іргелес аумақты құлаған жапырақтар мен қоқыстардан тазартып, белсенді азаматтық ұстаным мен тарихи мұраға құрмет көрсетті.