Пікірсайыс клубының отырысы.

19.03.2026

Пікірсайыс клубының отырысы.

  "Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ-де Наурыз мерекесіне арналған" Наурыз мерекесінің барлық дәстүрлерін сақтау керек пе?" тақырыбында пікірсайыс болып өтті.
  Пікірсайысқа 9"Б" сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар екі командаға бөлініп, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастар ұсынды. Қатысушылар дәлелдер келтірді, өз пікірлерімен бөлісті және қарсыластардың сұрақтарына белсенді жауап берді.
  Пікірсайыс достық және құрметті атмосферада өтті.
#Nauryznama2026 
#ҰлыДалаНаурызы

Просмотров: 251


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу