Археологиялық қазба

18.08.2026

Бүгін балалармен археологиялық қазба жұмыстарын ұйымдастырдық. Ауыл азаматтарының айтуынша Мариинск көтерілісі кезіңде атаман Колчактың ақ гвардияшыларының штабына айналған жертөле маңайын зерттедік. Жертөле иелері бұрыңғы жылдары көптеген оқ дәрі (гильза) тапқандарын айтқан. Сондықтан басты назар сол үй маңын зерттеп, айғақтар іздеу болған еді. Ол жертөле Теміржолшылар көшесіндегі 33-ші үй. Қазба барысында бірнеше Кеңес Одағы дәуіріне жататын заттар табылды. Әсіресе оқушылардың назарын қолдан жасалған шеге аударды.

Просмотров: 121


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу