"Күйдің сиқырлы күші" атты ашық сабақ.

02.10.2026


Эстетикалық цикл онкүндігі аясында Мариновка ауылының №1ЖББ мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Холод Ирина Петровна 5-сынып оқушыларына "Күйдің сиқырлы күші" тақырыбында музыка бойынша ашық сабақ өткізді. Оқушылар қазақ аспаптық музыка әлеміне, "Ақсақ құлан", "Адай"күйлерін құру туралы аңыздарға бой алдырды.
Әр түрлі сипаттағы күйлерді тыңдағаннан кейін-талқылау: қандай бейнелер пайда болды, музыканың сипаты қандай болды, салыстырмалы талдау жасалды, 
олар табиғат бейнелерін, адам сезімдерін, тарихи оқиғаларды жеткізетін домбыра тілін "оқып", түсінуді үйренді.
 Сабақ соңында балалар "Күйдің сиқырлы күші неде?" деген сұраққа жауап алды.

Просмотров: 541


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу